04.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

ҚМДБ қажылыққа байланысты үндеу жасады

|
Photo: фото: travelpress.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

ҚМДБ қажылыққа байланысты үндеу жасады

|
Photo: фото: travelpress.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылыққа байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мүфтияттың мәліметінше, Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және ұмра министрлігі 2025 жылғы қажылық маусымына дайындық жұмыстарды кезең-кезеңге бөліп, нақты мерзімдермен белгілеген. 2025 жылдың 18 сәуірі қажылық визасын рәсімдеудің соңғы күні болып бекітілген.

«Осыған орай, ҚМДБ отандастарымызды 17 сәуірге дейін ресми туроператорлар арқылы үлкен қажылық сапарына жазылу қажеттігін ескертеді. Себебі 18 сәуірден кейін қажылық визасын рәсімдейтін электронды портал жабылып қалса, қажылыққа ниет еткен ҚР азаматтарының құлшылық сапарына бара алмау қауіпін алға тартады. Сонымен қатар биыл қажылыққа ниет еткен отандастарымызды лицензиясы жоқ, қажылық орындары берілмеген турфирмалар мен жеке адамдарға жазылмауға және заңсыз әрекеттерге бармауға шақырамыз», - делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗