Малайзиялық саяхатшы қазақстандық полицияға алғыс білдірді
Қызылорда қаласында серуендеп жүрген шетелдік туристке ағылшын тілін еркін меңгерген полицей бағыт-бағдар беріп, қаладағы маңызды орындар туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Саяхатшы Қызылордаға Алматыдан раритет көлікпен келген, әрі қарай Ресей мен Грузияға жол тартуды жоспарлап отыр. Ол экологиялық акция аясында түрлі елдерді аралап, табиғатты қорғауды мақсат еткен. Қызылордаға келудегі оның негізгі мақсаты - ағаш отырғызып, қаланы көгалдандыруға үлес қосу.
Осы игі сапары барысында жергілікті тәртіп сақшысының қолдауына ие болған шетелдік қонақ көрсетілген көмек пен жылы қарым-қатынас үшін алғыс айтып, Қазақстан туралы жағымды әсерімен бөлісті.
Еске салайық, бұған дейін Астанада брендтік тауарларды заңсыз сатқан азамат ұсталғаны туралы жаздық.