Түркияның Анталия қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогы өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі күнге созылған халықаралық жарысқа 21 елден 600-ге жуық спортшы қатысты.
Аталған жарыста Астана қаласының спортшысы Қонысбек Шыңғыс (-90 келі) жоғары нәтиже көрсетіп, қола жүлдегер атанды.
Жарыс қорытындысы бойынша еліміздің жасөспірімдер құрамасы 6 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.
Еске салсақ, қазақстандық дзюдошы Әділет Алмат Аустрияда өткен турнирде алтын жүлде алғанын жазғанбыз.