Қазақстандық дзюдошы Аустрияда өтіп жатқан турнирде алтын жүлде алды
8 наурыз, 2026
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Әділет Алмат Австрияның Линц қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде алтын жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Әділет Алмат ақтық сында әзірбайжандық Вусал Галандарзадемен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде қазақстандық балуан айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі жүлде бар. Бұған дейін Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) қола медальға ие болған еді.
Еске салайық, бұдан бұрын қазақ спортшысы фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы кезеңінде алтын медаль иеленгені туралы жаздық.
Ұқсас жаңалықтар
8 наурыз, 2026
Ақмарал Ерекешева Alem Cup турнирінде ересектер арасында алғаш рет өнер көрсетті
8 наурыз, 2026
Қазақстандық гимнаст Бакудегі әлем кубогі кезеңінде екінші медалін жеңіп алды
8 наурыз, 2026
Қазақ спортшысы фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы кезеңінде алтын медаль иеленді
8 наурыз, 2026
Елордалық арулардың 2026 жылдағы спорттағы жарқын жетістіктері