Қазақ спортшысы фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы кезеңінде алтын медаль иеленді

Бүгін, 13:31
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақ спортшысы фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы кезеңінде алтын медаль иеленді
Фото: Olympic.kz/Асылхан Асан

Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Швейцарияның Айроло қаласында өтіп жатқан Еуропа кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Елімізге жүлдені Асылхан Асан әкелді. Қазақстандық спортшы ерлер арасындағы жекелей жарыста жеңімпаз атанды.

Ол төрешілердің шешімімен 99.84 ұпай жинап, жарыста жеңіске жетті.

Екінші орынды Роман Бондарчук (Украина) иеленді - 99.45 ұпай. Үздік үштікті Эллиот Примо (Канада) түйіндеді - 93.76 ұпай.