Елімізде мұнай өңдеудің орташа тереңдігі 90%-ға жетті

Бүгін, 11:23
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елімізде мұнай өңдеудің орташа тереңдігі 90%-ға жетті
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Қазақстанда мұнай өңдеу тереңдігін ұлғайту жөніндегі жүйелі жұмыс жалғасуда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елдегі үш мұнай өңдеу зауытында мұнай өңдеудің орташа тереңдігі 87,4%-дан 90%-ға дейін артты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап. 

Атап айтқанда:
• Атырау МӨЗ – 85%-дан 88%-ға дейін;
• Шымкент МӨЗ – 86%-дан 88%-ға дейін;
• Павлодар мұнай-химия зауыты – 91%-дан 94%-ға дейін.
Көрсеткіштердің өсуі ашық мұнай өнімдерінің үлесін 70–79%-дан 75–81%-ға дейін ұлғайту есебінен, сондай-ақ, Павлодар МХЗ-де битум өндірісін 366 мың тоннадан 426 мың тоннаға дейін арттыру арқылы қамтамасыз етілді.

▪️2025 жылы 2024 жылмен салыстырғанда негізгі мұнай өнімдері өндірісінің өсімі тіркелді:
• автобензиндер – 5,7 млн тонна (107%);
• дизель отыны – 6,1 млн тонна (116%).
Мұнай өңдеу тереңдігін 94%-ға дейін одан әрі арттыру мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту және олардың қуаттарын кеңейту есебінен жоспарланып отыр.

Еске салайық, бұған дейін елімізде 3,7 млн тонна жанармай өндірілгені туралы жаздық.