Бүгін «Жетінші арнада» теледебат өтеді
«Жетінші арнаның» тікелей эфирінде Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партия өкілдерінің қатысуымен теледебат өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz телернаға сілтеме жасап.
Тікелей эфир сағат 20:26-да Астанадағы «Қазмедиа орталығының» концерт залында басталады.
Теледебаттың негізгі тақырыбы — білім беру жүйесін дамыту. Жоба жаңа интерактивті форматта өтеді: қатысушылар өз ұсыныстарын таныстырып, өзекті мәселелерді талқылайды және көрермендердің сұрақтарына жауап береді.
Кеше «Жетінші арнаның» жаңалықтар бағдарламасының тікелей эфирінде өткен жеребе қорытындысы бойынша теледебатқа қатысушылардың сөз сөйлеу реті анықталды:
Respublica — Мейрамгүл Мәдәлі
«Ақ жол» — Дулат Тастекей
ЖСДП — Мақсұт Насибулов
«Әділет» — Рауан Кенжеханұлы
«Байтақ» — Аслан Байзаханов
«Ауыл» — Шахмардан Байманов
Қазақстан Халық партиясы — Бейбіт Құсайынов.
Көрермендер тікелей эфир барысында интерактивті дауыс беруге қатысып, сондай-ақ «Жетінші арнаның» ресми Instagram-парақшасында өз пікірлерін қалдыра алады.
Теледебатты бүгін сағат 20:26-да «Жетінші арнаның» тікелей эфирінен және YouTube арнасынан тамашалаңыздар.