14 жастағы Ахмади Маханов Қытайдағы турнирдің чемпионы атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.
Чэндуда өткен ITF Juniors J60 турнирінің финалында қазақстандық теннисші Қытай Тайбэйінің өкілі К. Маоны 6:2, 6:4 есебімен жеңді.
Айта кетейік Ахмади 2025 жылы Tennis Europe бойынша жылдың үздік шетелдік ойыншысы атанған.
Еске салсақ, Елена Рыбакина Штутгарт WTA 500 турнирінің екі дүркін жеңімпазы атанды.