Елена Рыбакина Штутгарт WTA 500 турнирінің екі дүркін жеңімпазы атанды

Бүгін, 19:07
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елена Рыбакина Штутгарт WTA 500 турнирінің екі дүркін жеңімпазы атанды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Финалда әлемнің екінші ракеткасы чехиялық Каролина Муховадан басым түсті.

Кездесу екі сетке созылып, 7:5, 6:1 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы бұл турнирді мансабында екінші рет ұтып отыр. Бұған дейін ол 2024 жылы да жеңімпаз атанған.