Астананы жылумен және электрмен қамтамасыз ету жүйесінің дамуы талқыланды

Астананы жылумен және электрмен қамтамасыз ету жүйесінің дамуы талқыланды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

«Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институтында елорданы жылумен және электрмен қамтамасыз ету жүйесінің дамуы талқыланды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына сілтеме жасап.

Қалалық Энергетика басқармасының басшысы Әділ Қынатов төрағалық еткен кеңесте Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті, Жылу энергетикасын дамыту басқармасы, «Астана-Теплотранзит» АҚ, «Астана-РЭК» АҚ мамандары қатысты. 

«Астана бас жоспары» ҒЗЖИ бас директорының орынбасары Азамат Хамитов елорданың бас жоспарына сәйкес жылумен қамту жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы ақпарат берді.

Бүгінде қалада ЖЭО-1, ЖЭО-2 және ЖЭО-3, «Оңтүстік шығыс» және «Тұран» газ қазандықтары жұмыс істейді, сондай-ақ орталықсыздандырылған жылу жабдықтау жүйесі қолданылады. Сонымен қатар «Тельман» газ қазандығы салынып жатыр, «Оңтүстік батыс» газ қазандығының жобасы әзірленуде.

Елорданың бас жоспарына сәйкес демографиялық болжамдар мен жүктемелерді есепке ала отырып жылу және энергиямен қамтамасыз ету жүйесін дамытудың перспективалық жобаларын жүзеге асыру үшін жергілікті және орталық деңгейдегі мемлекеттік органдардың бірлескен қызметінің маңыздылығы айтылды.

Сондай-ақ, ЖЭО-2 кеңейтіліп, ЖЭО-3-нің екінші кезеңінің құрылысын бастау қажеттілігі атап өтілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Астанада краннан жасыл түсті ыстық су аққан жағдайда қайда хабарласу керектігін жаздық.