Астанада ыстық су жасыл түске боялуы мүмкін
«Астана-Теплотранзит» АҚ 4 сәуірде жылу желілерінің контурына «Натрий флуоресцеині» органикалық бояғышы жіберілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Бұл шара құбырлардың жасырын ақаулары, су қыздырғыштардың бекітуші арматурасы мен тұтынушылардың жылу желілерінің тығыз еместігі арқылы желілік судың ысырап болуын анықтауға және оларды уақытылы жою шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.
Уранин А адам ағзасы үшін қауіпсіз, ол жылумен жабдықтау жүйесінде бояғыш индикатор ретінде пайдалануға рұқсат етілген. Бояғышты қолдану құбыр суының сапасына әсер етпейді, алайда оның ыстық сумен жабдықтау жүйесінде (ЫСЖ) пайда болуы су ысытқыштың зақымдалғанын білдіреді.
Краннан жасыл түсті ыстық су аққаны байқалған жағдайда дереу келесі нөмірлерге хабарласу қажет:
- «iKOMEK 109» қызметіне;
- «Астана-Теплотранзит» АҚ жедел-диспетчерлік қызметіне: 77 12 00, 77 12 11 (тәулік бойы);
- Реттеу қызметінің диспетчеріне (жұмыс күндері сағат 08:00-ден 12:00-ге дейін, 13:00-ден 17:00-ге дейін) келесі телефон нөмірдері бойынша: 79 88 96 («Есіл»/«Нұра» аудандары); 39 69 11 («Сарыарқа»/«Байқоңыр» аудандары); 77 12 92 («Алматы»/«Сарайшық» аудандары).
Ыстық сумен жабдықтау жүйесінде желілік судың болуына жол берілмейді!
Айта кетейік, «Астана Тазалық» тәжірибесі енді Бішкекте қолданылады.