06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астаналық полицейлер ер адамның өмірін құтқарып қалды

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астаналық полицейлер ер адамның өмірін құтқарып қалды

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада учаскелік полиция инспекторларының жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында 35 жастағы тұрғын аман қалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Куәгерлер «102» пультіне хабарласып, сегізінші қабаттың балконында ер адамның өз-өзіне қол салмақ ниеті бар екенін жеткізген.  

Оқиға орнына учаскелік инспекторлар Сымбат Базаров пен Шыңғыс Исламжанов дереу барды. Жағдайды бағамдаған олар ер адамды әңгімеге тартты. Оңтайлы сәт туғанда Сымбат Базаров батылдық танытып, ер адамды ұстап қалып, балконнан қауіпсіз жерге шығарып алды.

«Зардап шеккен азаматқа дереу медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Қазір оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - делінген хабарламада.

Бұл оқиға тағы да кәсібилік пен адами жанашырлықтың қаншалықты маңызды екенін дәлелдеді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗