Референдум-2026

Астанада қажылыққа апаруға уәде бергендер 4 жылға сотталды

Бүгін, 10:45
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада қажылыққа апаруға уәде бергендер 4 жылға сотталды
фото: Оңалхан Өнерхан

Астананың екі тұрғыны адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы «Instagram» әлеуметтік желісіне Сауд Арабиясының Мекке және Мәдина қалаларына қажылық сапарын ұйымдастыру жөнінде жарнама жариялаған, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Қылмыскерлердің уәдесіне сенген қажылыққа барушы 37 азамат оларға жалпы көлемде 60 млн теңге ақша қаражатын тапсырған.  

Алған міндеттемелерін орындамай, жәбірленушілерден алынған ақша қаражаттарын өз қалауынша жұмсаған, - делінген хабарламада.

Сот үкімімен олардың әрқайсысына 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  

Жәбірленушілердің келтірілген материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап арыздары толық қанағаттандырылды.  

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.  

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және күмәнді тұлғаларға қаражат бермеуге шақырды.

Еске салсақ, елордада есірткіні интернет-дүкен арқылы саудалаған ұйымдасқан топтың мүшелері сотталды.