Елордада есірткіні интернет-дүкен арқылы саудалаған ұйымдасқан топтың мүшелері сотталды
Астанада есірткі құралдарын заңсыз сақтау, тасымалдау және таратумен байланысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елордалық полицейлер бір жыл бойы жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде интернет-дүкен арқылы тыйым салынған заттарды таратумен айналысқан ұйымдасқан топтың қызметі тоқтатылды.
Тергеу барысында қылмыстық схеманың алты басты қатысушысы анықталды. Олардың қатарында интернет-дүкенді ұйымдастырушы, есірткіні жауапты тұлғалар, оларды таратқан курьерлер, сондай-ақ қылмыстық жолмен келген қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруға қатысы бар адамдар болған.
Полиция қызметкерлері топ мүшелерін ұстау барысында есірткінің ірі партиясын тәркіледі. Тергеу амалдары барысында қылмыстық әрекетке қатысы бар барлық тұлға анықталып, олардың ұйымдасқан қылмыстық қызметтегі рөлі дәлелденді.
Қылмыстық істі қарау нәтижесінде сотталушылардың кінәсі дәлелденді. Топ мүшелерінің әрқайсысына 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Еске сала кетсек, полицейлер елордалықтан 100-ден астам «бір реттік» есірткі дозасын тәркіледі