Астанада кәмелетке толмағандардың интернет қауіпсіздігі мәселелері талқыланды
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласы Есіл ауданының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың интернет қауіпсіздігі мәселелері бойынша ата-аналармен профилактикалық кездесу өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Іс-шара барысында қатысушыларға балаларды зиянды контенттен, кибербуллингтен, интернет-алаяқтықтан және цифрлық кеңістіктегі өзге де қауіптерден қорғау мәселелері түсіндірілді. Балалардың мобильді құрылғыларды пайдалануына және әлеуметтік желілердегі белсенділігіне ата-аналық бақылау жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, интернет кеңістігінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған SIM KIDS жобасы таныстырылды. Жоба қажетсіз интернет-ресурстарға қолжетімділікті шектеуге және ата-аналардың баламен тұрақты байланыста болуына мүмкіндік береді.
Астана қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға және цифрлық ортадағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмысты жалғастырады.