Ақмола облысының құтқарушылары аударылып қалған шетелдік ауыр жүк көлігінің жүргізушісіне көмек көрсетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы бүгін «Екатеринбург-Алматы» жолында Жақсы ауданы Перекатное ауылының маңында болған. Жүк көлігі жолдан шығып, кюветке түсіп аударылып қалған.
Оқиға орнына Жақсы ауылының трассалық медициналық-құтқару пунктінің құтқарушылары барды. Жүргізуші Әзербайжан азаматына медициналық көмек көрсетілді. Ол ауруханаға жатудан бас тартты.

Еске сала кетсек, бүгін семейліктің ауласына елік кіріп кетті.