Семейліктің ауласына елік кіріп кетті

Семейліктің ауласына елік кіріп кетті
Фото: Абай облысы ПД

Семей қаласы полиция басқармасына Водный кентінің тұрғыны қоңырау шалып ауласына мойнында қарғыбауы бар елік кіріп кеткенін айтқан, деп хабарлайды Elordainfo.kz Абай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Табиғатты қорғау полициясының инспекторлары еліктің бұрын адам қолында бағылғанын, табиғи ортада өз бетінше өмір сүре алмайтынын анықтаған. Осыған байланысты елікті күтіп-бағу үшін қалалық биологиялық орталыққа тапсырды.

Еске сала кетсек, Қарағанды облысында темір рудасын лицензиясыз заңсыз өндіріп, оны шетелге шығарғаны анықталды.