Алматы облысында жанжал кезінде көлікке оқ атқан күдіктілер ұсталды

Бүгін, 13:59
Думан Аманжол Думан Аманжол
Алматы облысында жанжал кезінде көлікке оқ атқан күдіктілер ұсталды
фото: Астана қаласы әкімдігінен

Әлеуметтік желіде Алматы облысы, Іле ауданында үш адамның бір адамға шабуыл жасап, көлікке оқ атқаны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты полиция бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық істер қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Алматы облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше оқиға 14 қазанда Қосөзен ауылында болған. 

«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жанжалға қатысқан барлық азамат бірнеше сағат ішінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

Қазір аталған істер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, әр қатысушының әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. 

Полицияда сондай-ақ Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтінін хабарлады.

Еске салсақ, ҚМА үш өңірде онлайн-казиноларға қатысты қаржы схемаларын анықтады.