10 наурызда шиеленіс аймақтарына қанша репатриациялық рейс жоспарланғаны белгілі болды
Air Astana компаниялар тобы 10 наурызда репатриациялық рейстерді орындауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz
Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
Рейстер Біріккен Араб Әмірліктерден 28 ақпан мен 10 наурыз аралығында рейстері тоқтатылған Air Astana және FlyArystan әуе компанияларының жолаушылары алып кету үшін жоспарланған.
Репатриациялық рейстер Оман астанасы Маскат арқылы мынадай кестеге сәйкес орындалады:
KC2264 Маскат-Алматы рейсі
ұшып шығу 12:30, ұшып келу 17:40.
KC2258 Маскат-Алматы рейсі
ұшып шығу 14:30, ұшып келу 19:40.
KC2254 Маскат-Алматы рейсі
ұшып шығу 16:30, ұшып келу 21:40.
Жергілікті уақыт көрсетілген.
Жолаушыларға Дубайдан Маскатқа тегін трансфер ұсынылады.
Байланыс:
Air Astana
Брондау және ақпарат орталығы (24/7):
help.airastana.com
+7 727 244 4477, +7 7172 584477, +7 702 702 4477
Рейстерді кешіктірген жағдайда жедел желі: +7 7272 44 44 78
WhatsApp: +7 702 702 00 74. Online chat: airastana.com
FlyArystan
WhatsApp: + 7 702 702 02 27. Live-chat: FlyArystan app/flyarystan.com
+7 727 3311010 (08:00 – 20:00).
Еске салсақ, Таяу Шығыстан 7,3 мыңнан астам қазақстандық елге қайтарылды.