00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Жер Баянауылға тиесілі»: Екі облыстың арасындағы даулы мәселе бойынша шешім қабылданды

24 қыркүйек, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
«Жер Баянауылға тиесілі»: Екі облыстың арасындағы даулы мәселе бойынша шешім қабылданды
Фото: Elordainfo.kz

Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдарын ескере отырып, ҚР Қарағанды және Павлодар облыстарының шекарасындағы даулы жер учаскесі бойынша түпкілікті шешім қабылданды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұған дейін жер ресурстарын басқару тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізіліп, аудит барысында геодезия және картография саласында бірқатар бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, Қарағанды облысының Осакаров ауданы мен Павлодар облысының Баянауыл ауданы арасындағы 17,1 мың га жер учаскесінің тиесілігі туралы даулы мәселе реттелмеген.

Бұл жағдай жер заңнамасын бұзуға, екі аудан әкімдіктері тарапынан жерді қатар беруге, жер-кадастрлық карталарды жүргізудегі дәлсіздіктерге және т.б. әкелді. Осыған байланысты ҚР Үкіметіне осы учаскенің аумақтық тиесілігі туралы түпкілікті шешім қабылдау ұсынылды.

«Архив материалдары мен бірқатар тексеру іс-шараларын зерделеу қорытындысы бойынша даулы жер Павлодар облысының Баянауыл ауданына жататыны анықталды. Осылайша жер мәселесіне нүкте қойылды», - деді Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі.