Бүгін Халық әртісі, актриса Сәбира Майқанованың туған күні
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Сәбира Майқанованың театр сахнасындағы тұңғыш рөлі – Б.Майлиннің «Майдан» драмасындағы Алтынай. Бұдан кейін ол замандас құрбыларының сахналық бейнесін жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Актриса 1954 жылдан бастап киноға түсе бастады. «Махаббат дастанында» – Мақпал, «Қыз бен жігітте» – Гүлбарша, «Біз осында тұрамыз» фильмінде – Торғын, «Қыз Жібекте» – Қамқа рөлдерін сомдады.
Жазушы Д.Исабеков актрисаға «Мұрагерлер» драмасын арнады. Осы пьеса бойынша қойылған спектакльде Майқанова басты рөл – Салиқаны ойнады.
Актриса Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.
Ұқсас жаңалықтар
31 қазан, 2025
«Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз»: Қаржы министрлігі жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды
31 қазан, 2025
Сел қауіпті маусымы аяқталды: Қазақстандағы мұздақ көлдер қысқы режимге көшті
31 қазан, 2025
Елімізде 38 млн тонна мал азығы дайындалды
31 қазан, 2025
Қазақстан Қарулы күштері әскери байланысшылар күнін атап өтіп жатыр
