Бүгін Қазақстанда қай өңірдегі жолдар жабық


Бүгін сағат 08:00 жағдай бойынша 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады Elordainfo.kz «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Ақтөбе облысы:
- «Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).
Қостанай облысы:
- Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысы:
- «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың 1-30 сәуір аралығында Алматы облысындағы облыстық маңызы бар жолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылады. Бұған дейін Қазақстанның 10 облысында және Алматы қаласында дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің мәліметінше, бүгінде Қазақстанның барлық аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтілуде.