Ақмола облысында жыл басынан бері 300-ден астам автобус жүргізушісі жол ережесін бұзды

Ақмола облысында жыл басынан бері 300-ден астам автобус жүргізушісі жол ережесін бұзды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілерін жолдарда өте мұқият болуға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Тәртіп сақшылары автобус парктерінің өкілдерімен тұрақты негізде кездесулер және жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған профилактикалық әңгімелер өткізеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақмола облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, қоғамдық көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының тіркелуі жалғасуда. Мәселен, 2026 жылғы 14 маусымда сағат 13:10 шамасында Щучинск - Бурабай автожолында Volvo автобусы мен Changan автокөлігінің қатысуымен ЖКО орын алды. Астана - Бурабай бағыты бойынша жүріп келе жатқан және демалушыларды курорттық аймаққа тасымалдайтын автобус қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Changan автокөлігімен соқтығысып, одан кейін ағашты басып өткен.
Апат салдарынан 11 адам зардап шекті, оның ішінде 9 адам автобус жолаушысы және Changan көлігінен 2 адам. ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізілуде.
Айта кету керек, жыл басынан бері полиция жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 300-ден астам автобус жүргізушісін әкімшілік жауапкершілікке тартты.