Жетісу облысында 113 тонна өнімнің заңсыз өтуіне жол берілмеді

Бүгін, 14:30
Думан Аманжол Думан Аманжол
Жетісу облысында 113 тонна өнімнің заңсыз өтуіне жол берілмеді
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Үстіміздегі жылы Жетісу облысы Панфилов ауданындағы «Нұр Жолы» ветеринариялық бақылау бекетінде Қытай Халық Республикасынан әкелінетін және транзитпен өтетін жүктерді тексеру кезінде 7-рет ветеринариялық заңнаманы бұзу дерегі анықталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Тексеріс барысында жалпы көлемі 113 тоннадан астам өнім, оның ішінде 66,4 тонна мұздатылған тауық сұлы еті, 46,8 тонна үйрек еті, 22 тонна балыққа арналған жем табылды. 

«Аталған тауарлардың импорты мен транзиті ҚХР-дан құс шаруашылығы өнімдеріне қатысты елімізде енгізілген қолданыстағы уақытша ветеринариялық шектеулерді бұзғаны анықталды. Осы дерек бойынша 2 жеке және 4 заңды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. Қазақстан заңнамасы мен ЕАЭО-ның нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес, өнімдер жоюға рұқсат етілетін, қауіпсіз емес деп танылды», делінеді хабарламада.

Наурыз - мамыр айларында барлық өнім Панфилов ауданындағы арнайы жабдықталған алаңда өртеу әдісімен толықтай жойылды.

АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға Қазақстан шекарасы арқылы бақылаудағы жүктерді өткізген кезде белгіленген ережелерді қатаң сақтаудың қажеттігін ескертті.