Астанада Ұлы дала даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін, 17:03
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада Ұлы дала даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы

Елордада Ж.Нәжімеденов көшесінен А.Байтұрсынов көшесіне дейінгі учаскеде Ұлы дала даңғылының (А52) асфальт жабынын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.

Аталған жұмыс мердігер ұйымның қаражаты есебінен кепілдік міндеттемелер шеңберінде жүргізіледі. Осыған байланысты, 16-19 маусым аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да жүзеге асырылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлау сұралады.