Президенттік әдеби сыйлыққа өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Жас қазақстандық жазушылар мен ақындарға арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық - жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету және талантты ақын-жазушылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында тағайындалған, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Биыл әдеби сыйлық төртінші рет табысталмақ.
Әдеби сыйлыққа 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер бұрын халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған туындыларымен үміткер бола алады.
Өтінімдер «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті» номинациялары бойынша қабылданады. Автор тек бір номинацияға ғана өтінім жолдауы тиіс.
«Өтінім қабылдау 30 маусымға дейін жалғасады. Өтінімді қағаз және электронды түрде мына мекенжайға жолдау қажет: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 14-кіреберіс, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, 273-кабинет», делінеді хабарламада.
Қосымша ақпаратты +7 (707) 525 24 54, 8 (7172) 740407, 8 (7172) 740384, 8 (7172) 740408 нөмірлері арқылу білуге болады.
Еске салсақ, Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтінімдерді қабылдау жүріп жатқанын жазғанбыз.