Астана қаласының Алматы ауданы прокуратурасының бастамасымен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында жазғы демалыс кезеңінде су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз су айдыны - қауіпсіз балалық шақ» жобасы іске асырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
Іс-шараға прокуратура, төтенше жағдайлар органдары, полиция және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Балалар үшін су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары, құқықтық сауаттылық және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар бойынша интерактивті сабақтар өткізілді.
Тақырыптық квест аясында қатысушылар алған білімдерін тәжірибеде бекітіп, ең белсенді балалар Алматы ауданы прокурорының атынан грамоталармен марапатталды.
Балалардың қауіпсіздігі - мемлекет, қоғам және ата-аналардың ортақ жауапкершілігі.
Елордада прокуратура жазғы демалыста су айдындарындағы қауіпсіздікке бағытталған жобаны іске асырды
15 маусым, 2026
Астана қалалық прокуратурасы видеосының скрині
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 11:55
Астанада аялдамадағы камераны бүлдірген оқушылар анықталды
Бүгін, 09:29
Су саласындағы заңбұзушылықтар туралы чат-ботқа 50-ден астам хабарлама түсті
8 қазан, 2026
Маңғыстауда көлік жолаушысынан 136 келі бекіре тұқымдас балық табылды
8 қазан, 2026
Қарағанды облысында қазақстандық нөмірін Грузия нөмірімен жасырған DAF жүргізушісі ұсталды