Елордада сауда үйінен алтын әшекей ұрлаған әйел ұсталды
Астана қаласы Байқоңыр аудандық криминалдық полиция қызметкерлері сауда үйлердің бірінен зергерлік бұйым ұрлады деген күдікпен әйел адамды ұстады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы Полиция депратаментіне сілтеме жасап.
Тергеу барысында белгілі блғандай, күдікті сауда үйлерінің біріндегі зергерлік бутикке сатып алушы кейпінде кірген. Ол алтын әшекейлер қойылған сөрені қарап тұрған сәтте сатушының назарын әңгімеге бұрып, зергерлік бұйымдарды біртіндеп қолына алып көрген. Осылайша, байқатпай алтын сырғаны қалтасына салып, сауда орнынан жасырын түрде шығып кеткен. Алаяқтың әрекеті бейнабақылау камераларына түсіп қалған. Келтірілген шығын көлемі шамамен 500 мың тг құрады.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарды күмән тудыратын адамдарға назар аударып, сатылым залын бақылауда ұстауға, сақтық шараларын күшейтуге және бейнебақылау жүйесін пайдалануға шақырады.