Қазгидромет 16 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Синоптиктердің болжауынша, бүгін Астанада көшпелі бұлт шығып, кей уақыттарда жаңбыр жауады. Сондай-ақ найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.
Оңтүстік батыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз 7-12, екпіні 15-18м/с-ге жетеді.
Күндіз ауа температурасы +28, +30°C.