АИТВ жұқтырған адамдар психологиялық көмекті қайдан ала алады

Бүгін, 12:34
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
views35
АИТВ жұқтырған адамдар психологиялық көмекті қайдан ала алады
Фото: freepik.com

АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары АИТВ-инфекциясы диагнозын естігенде абдырап, кіммен бөлісуді, қалай өмір сүруді және қалай өзін ұстауды білмей қалатын адамдарды жиі кездестіреді, сондықтан АИТВ жұқтырған адамдарға психологиялық қолдау қажет.

Психологиялық қолдау консультация, топтық жұмыстар және диагнозды қабылдауға, АИТВ-мен өмір сүруге бейімделуге, психикалық денсаулығын сақтауға және кемсітудің алдын алуға бағытталған басқа да көмек формаларын қамтиды.

Осындай қолдаудың қолжетімді болуы және оны кәсіби мамандардың қамтамасыз етуі маңызды, сонымен қатар АИТВ жұқтырған адамдар көмекке қайда жүгіну керектігін білуі керек.

АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары диагнозды анықтаған кезде, АИТВ-мен өмір сүріп жатқан адамдарға диагноздан келген шокты жеңуге, АИТВ-мен өмір сүруге, дәрілерді қабылдауға және болашаққа жоспарлар құруға, сондай-ақ жеке дағдарыстар мен өмірдегі қиыншылықтарды жеңуге көмектесетін жеке кеңес береді.

Топтық қолдау АИТВ жұқтырған адамдарға бір-бірімен қарым-қатынас жасау, тәжірибесін бөлісу, қолдау алу және жалғыздық сезімін жеңілдету мүмкіндігін береді. Оны үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) тегін ұсына алады.

Науқастың келісімімен жақындары мен отбасы мүшелеріне АИТВ туралы ақпарат беріп, жағдайды түсіндіріп, АИТВ жұқтырған жақын адамына қолдау көрсетіп, көңілкүйін жақсартуға көмектесу керек екені туралы айтуға болады.

АИТВ-инфекциясы орталықтары мен ҮЕҰ тарапынан АИТВ-ға шалдыққан адамдарға әлеуметтік қолдау да бар, бұл адамдарға күнделікті мәселелерді, мысалы, әлеуметтік көмекке құжаттарды рәсімдеу, медициналық көмек алу, жұмысқа орналасу және т.б. шешімдерге көмектеседі.

Өзін-өзі стигматизациялау, стигма және дискриминация, сонымен қатар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға медициналық көмекке жүгінгенде, медициналық қызметкерлер тарапынан дискриминацияны жою мақсатында жұқпа туралы, таралу жолдары, антиретровирустық терапия алу мүмкіндігі, сапалы өмір сүруге болатындығы туралы ақпарат беру қажет.

Психологиялық қолдауды қай жерде алуға болады:

  • АИТВ-инфекциясының алдын алу орталықтарында психологиялық көмек көрсетіледі, сонымен қатар жеке консультациялар мен топтық сабақтар;
  • Үкіметтік емес ұйымдар: АИТВ-мен өмір сүріп жатқан адамдарға көмек көрсететін қорлар мен ұйымдар тегін психологиялық консультациялар, соның ішінде онлайн кеңестер беріледі;
  • Жекеменшік психологтар мен психотерапевттер: АИТВ жұқтырғандармен жұмыс тәжірибесі бар мамандар кәсіби көмек көрсете алады.

Есте сақтау маңызды:

  • АИТВ-ның алдын алу және емдеу барысында психологиялық қолдау - кешенді жұмыстың маңызды бөлігі;
  • Көмекке жүгіну - бұл әлсіздік емес, мықтылықтың белгісі;
  • Егер қолдауға мұқтаж болсаңыз, мамандардан көмек сұрауға ұялмаңыз!

Сенім телефондары: Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы консультациялар мен қолдау үшін 38-04-64, 38-07-02 телефон желісін ұсынады.

Астана қаласы әкімдігінің

«АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК

эпидемиолог-дәрігері З. Рахимбаева