Науқас өзі таңдаған дәрі-дәрмекті бірлесіп төлеу арқылы да ала алады – министр

Бүгін, 16:47
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views64
Науқас өзі таңдаған дәрі-дәрмекті бірлесіп төлеу арқылы да ала алады – министр
Фото: freepik.com

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысынан кейінгі брифингте БАҚ өкілдеріне созылмалы ауруы бар науқастар үшін тегін дәрі-дәрмектің уақытылы жеткізілуіне байланысты түсініктеме берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оның айтуынша., тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бөлінетін қаражат бүгінде екі көзден қаржыландырылады. Бұл медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен жүргізіледі.

«Бүгінгі күнге дейін дәрі-дәрмекке өтінімдер пациентке байланбай, тікелей 20 аймақтың медицина ұйымдарымен жасалып келді. Ал бірыңғай дестрибьютор «СК-Фармация» оларды өтінімдерде ресімделген көлемде сатып алды. Жыл ішінде бұл тізімдер жаңа пациенттердің қосылуына немесе қоныс аударуына байланысты 6-7 рет нақтыланып отырады. Биылғы жылы біз 2020 жылы болған норманы іске қосқалы отырмыз, бұл науқасқа кепілдендірілген мемлекет тізімінде тұрған препараттардан бас тартқан кезде таңдаған дәрі-дәрмегін алу үшін өзі тарапынан бірлесіп төлеуге мүмкіндік береді. Яғни, науқас өзіне қажетті дәрі-дәрмекті таңдаған соң, бағасындағы айырмашылықты ғана төлейді», - деді А.Әлназарова.