Медицина қызметкерлерінің 30 пайызы мед сақтандырусыз қалғаны рас па – ӘМСҚ жауабы

Бүгін, 16:41
Нұрдәулет Кәкіш Нұрдәулет Кәкіш
views40
Медицина қызметкерлерінің 30 пайызы мед сақтандырусыз қалғаны рас па – ӘМСҚ жауабы
Фото: видеодан скриншот

Медицина қызметкерлерінің 30 пайызының жалақыдан аударылатын тиісті жарнасы медициналық сақтандыру қорына түспегені туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпарат қаншалықты шын және осы мәселе бойынша қандай шаралар қолданылып жатыр? Бұл сауалға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов жауап берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Үкімет отырысынан кейінгі брифингте медициналық сақтандыру қорының басшысы Айдын Құлсейітов бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Мұндай жағдай қысқы және жазғы айларда кейбір жекелеген медициналық ұйымдарда болды. Бірақ бұл мекемелердің 30 пайызы емес. Кейбір медицина мекемесінің мамандары негізгі жалақымен қамтамасыз етілгенмен, оларға уақытша тиісті жарналар төленбеген. Егер жарна белгілі бір уақыт төленбесе, сақтандыру да тоқтатылатыны белгілі. Мұндай техникалық мәселелер қазіргі уақытта толық шешілді. Әр факт бойынша біз аталған ұйымдарға барып, тексеріс жүргіздік. Соның кейбірінде бұл жағдай расталды, ал кейбірінде расталмады. Тағы да қайталаймын, қазіргі таңда мұндай мәселе жоқ», - деді Айдын Құлсейітов журналистердің сауалына.