Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алған ойыншылар тізімі жарияланды

Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов қазан айындағы ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінің ойындарына шақырту алған футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қақпашылар:
Сейсен, Шайзада, Покатилов, Төлепберген.
Қорғаушылар:
Қасым, Вороговский, Әліп, Малый, С.Астанов, Жагоров, Жұмаханов, Совет, Қайыров, Қашкен, Әшірбек.
Жартылай қорғаушылар:
Зайнутдинов, Оразов, Чесноков, Қуат, Халматов, Жуков, Қасабулат, Жұмат, Қараман, Төлебай.
Шабуылшылар:
Кенжебек, Самородов, Сәтпаев, Свиридов, Шушеначев.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы екі маңызды матч өткізеді. Лихтенштейнге қарсы ойын 10 қазан күні сағат 19:00-де Астанада «Астана Аренада» өтеді.
Ал Солтүстік Македонияға қарсы кездесу 13 қазан күні сағат 23:45-те сырт алаңда, Скопье қаласындағы «Тоше Проески» ұлттық аренасында өтеді.



