Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Азия чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Бүгін, 13:19
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views50
Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Азия чемпионатында бес медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты аясында әртістік жүзу сайыстары басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы бірден бес медальға қол жеткізді. Оның үшеуі – алтын.

Техникалық соло бағдарламасында сынға түскен Карина Магрупова (240.1600) мен Виктор Друзин (228.1708) жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Осы бағдарламада Эдуард Ким күміс жүлдегер атанса (223.5584), Ясмина Исламова қола медаль иеленді (204.0066).

Ал командалық сайыста (еркін бағдарлама) Қазақстан құрамасы алтын медаль жеңіп алды (267.0639).