Астанада Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Бүгін, 14:52
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views50
Астанада Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Фото: Мемлекеттік кірістер комитетінен

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметіне Серік Манзоров тағайындалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Эрнар Ержанов Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңадан тағайындалған басшыны таныстырды.

Серік Манзоров мемлекеттік органдар мен салық қызметі жүйесінде көп жылдық еңбек өтіліне ие. Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласы әкімдігінде бастаған.

Әр жылдары жетекші маманнан аудан әкімінің орынбасарына дейінгі түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Сондай-ақ Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде қызмет атқарған.

Мемлекеттік кірістер жүйесінде 2010 жылдан бері еңбек етіп келеді. Осы уақыт аралығында бас маманнан департамент басшысының орынбасарына дейінгі қызмет жолынан өткен.

2021 жылдың қыркүйегінен бастап Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарып келді.

Құқықтану, қаржы және мемлекеттік басқару салаларында білімі бар. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университеті және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.