Ұлытауда мас күйдегі жүргізушілерге өмір бойына көлік жүргізуге тыйым салынды

Бүгін, 17:05
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views42
Ұлытауда мас күйдегі жүргізушілерге өмір бойына көлік жүргізуге тыйым салынды
Фото: freepik.com

Ұлытау облысында 2025 жылдың басынан бері ҚК-нің 346-бабы бойынша көлікті масаң күйде басқарған 15 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Барлығы құқық бұзушылық жасау сәтінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
 

Аймақ соттары олардың әрекетін «жоғары қоғамдық қауіптілік» деп бағалап, кінәлілерге өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыру және бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

7 жылға көлік басқару құқығынан айырылған тұлға 2025 жылғы 16 тамызда Сәтбаев қаласында «Mercedes-Benz» автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарған. Сот оны кінәлі деп танып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру және өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Ұлытау облысының прокуратурасы тұрғындарды ескертеді: көлікті масаң күйде басқару – қылмыс, оның жазасы бас бостандығынан айыру және жүргізуші куәлігінен өмір бойына айыруды қамтиды.