«Бақытым – сен, байтақ ел!» : Астанада Республика күніне орай мерекелік кеш өтті

Бүгін, 16:44
Нұрдәулет Кәкіш Нұрдәулет Кәкіш
views56
«Бақытым – сен, байтақ ел!» : Астанада Республика күніне орай мерекелік кеш өтті
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанадағы Музыкалық жас көрермендер театрында Республика күніне орай «Бақытым – сен, байтақ ел!» атты мерекелік кеш өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Халықаралық «QAZAQ TILI» қоғамының Астана қалалық филиалы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараның басты мақсаты – тәуелсіздік идеясын, ұлттық құндылықтар мен рухани сабақтастықты өнер тілі арқылы насихаттау, өскелең ұрпақтың елге, жерге деген құрметін арттыра отырып, патриоттық сезімін ояту», - делінген хабарламада.

Іс-шара барысында Алаш арыстарына арналған қойылымдар көрсетіліп, елордалық қаламгерлер өлеңдерін оқып, дәстүрлі әндер шырқалды.

Сахна төрінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Асқар Мұқият, дәстүрлі әнші Перизат Тұрарова, ерекше дауыс иесі Өзгеріс Шерікбай және елордалық талантты ақындар өнер көрсетті.