Республика күніне орай Астанада 1500 оқушы бір сәтте «Атамекен» әнін орындады

Бүгін, 18:18
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
views54
Республика күніне орай Астанада 1500 оқушы бір сәтте «Атамекен» әнін орындады
Фото: Астапна қаласының әкімдігі

Республика күніне орай және «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында Мемлекеттік рәміздер алаңында ауқымды флешмоб өтті. Онда 1500 оқушы бір сәтте «Атамекен» әнін орындады, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараға елордалық мектептердің 1500-ден астам оқушысы қатысты.

Флешмоб өскелең ұрпақтың бойында азаматтық бірегейлікті, тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері мен дәстүрлерін құрметтеуді қалыптастыруға бағытталған.

Орындау барысында қатысушылар Қазақстанның жас буынының бірлігі, достығы мен ашықтығының символы – ашық алақан бейнесін жасап, бес қатарға тұрды.

«Бұл алақан жылулық пен қолдаудың бейнесіне айналды, өйткені елдің күші жүректердің бірлігінде туады. Сонымен қатар Астананың барлық мектебінде осындай флешмобтар өтті. Оқушылар «Менің Қазақстаным» акциясын қолдап, патриоттық композицияны орындады», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қазанда Қазақстанда Ұлттық мереке – Республика күніне орай, Астанада 150-ге жуық мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шара өтеді деп жоспарланған.