«Құдіретті сауыт»: Джеки Чан Қазақстанда түсірілетін фильмнің режиссерін бекітті

Бүгін, 14:39
Нұрдәулет Кәкіш Нұрдәулет Кәкіш
views70
«Құдіретті сауыт»: Джеки Чан Қазақстанда түсірілетін фильмнің режиссерін бекітті
Фото: sports.kz

Әйгілі «Құдіретті сауыт» («Armour of God») франшизасының төртінші бөлімі 2026 жылы көктемде Қазақстанда түсіріледі, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстандық медиакомпаниялардың парақшасында жарияланған ақпаратта Джеки Чан «Құдіретті сауыт: Ультиматум» фильміне режиссер ретінде Роберт Кунды өзі бекіткені айтылған.

«Роберт Кунның есімі әлемдік кино индустриясында бұрыннан белгілі. Ол Disney, Paramount, Universal және 20th Century Fox студияларының экшн-сахналарын қойған. Сондай-ақ «Wanted», «He Is a Dragon», «Abraham Lincoln: Vampire Hunter», «Major Grom: The Game» және басқа да танымал фильмдердің түсіріліміне қатысқан. Түсірілім 2026 жылы көктемде басталады», - делінген жазбада.

Бұл аңызға айналған франшизаның төртінші бөлімі болмақ.

Жобаны ұйымдастырушылардың хабарлауынша, фильмнің кезекті бөлімінің түсірілім алаңы ретінде Қазақстанды таңдаудағы шешім Бейжіңдегі келіссөздерден кейін қабылданған. 

Айта кетсек, «Құдіретті сауыт» франшизасы алғаш рет 1986 жылы жарық көрді. Экшн мен шығыс комедиясын үйлестірген туынды актерді әлемдік жұлдызға айналдырған еді.