Қоймаларда 570 мың тонна көмір жинақталды - ҚТЖ

Фото: freepik.com
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мониторингтік топтары тұрғындарға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірдің жеткізілу барысын бақылау мақсатында ел аумағындағы көмір тұйықтарын тексерді, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тексеру нәтижесінде қоймаларда шамамен 570 мың тонна көмір қоры бар екені анықталды. Вагондармен қамтамасыз ету, көмірді тиеу және тасымалдау барысында ешқандай кідіріс немесе проблема тіркелмегені хабарланды.
ҚТЖ өкілдерінің мәліметінше, компания коммуналдық-тұрмыстық көмірдің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдаған. Сондай-ақ тұрғындар үшін көмір тасымалының барысын бақылап, үйлестіру жұмыстарын жүргізетін жедел штаб жұмыс істейді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 15:47
Қарулы күштердегі цифрлық трансформация мәселелері талқыланды

Бүгін, 14:39
«Құдіретті сауыт»: Джеки Чан Қазақстанда түсірілетін фильмнің режиссерін бекітті

21 қазан, 2025
Бибігүл Жексенбай: Әскердегі тәртіп – ел қауіпсіздігінің негізі

21 қазан, 2025
Есіл өзеніне 600 мыңнан астам сазан мен ақ амур шабақтары жіберілді