Едіге Қасымбек еркін күрестен әлем чемпионатында топ жарды

Фото: uww.org
Қазақстандық балуан Едіге Қасымбек еркін күрестен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатында алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жерлесіміз 125 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында Иран өкілі Абольфазл Мохаммад Нежадты айқын басымдықпен жеңді.
Ал, Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) және Самир Дурсунов (97 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 11:12
Жаңа e-Sport цифрлық платформасы іске қосылады

Бүгін, 09:12
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Денис Тен мемориалында жеңіске жетті

2 қазан, 2025
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залы мүшесіне үміткер атанды

2 қазан, 2025
«Тарихи реванш»: Айбек Оралбай мен Жахонгир Зокиров Үндістанда кездеседі