Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Денис Тен мемориалында жеңіске жетті

Фото: olympic.kz
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында қысқа бағдарламада бірінші орын алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері 95.01 ұпай жинап, жарыстың аралық көшбасшысы атанды.
Екінші орынды Грузия спортшысы Ника Егадзе иеленді – 87.58 ұпай. АҚШ өкілі Джейсон Браун 86.61 ұпаймен үшінші нәтижені көрсетті.
Қазақстандықтар арасынан Диас Жиренбаев жетінші орынға табан тіреді (77.14), Никита Кривошеев – 16-шы (59.33), Олег Мельников – 17-ші орынға жайғасты (54.19).
Айта кетейік, еркін бағдарлама 4 қазанда өтеді.
Ұқсас жаңалықтар

2 қазан, 2025
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залы мүшесіне үміткер атанды

2 қазан, 2025
«Тарихи реванш»: Айбек Оралбай мен Жахонгир Зокиров Үндістанда кездеседі

2 қазан, 2025
Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі өтеді

2 қазан, 2025
«Қайраттың» қақпашысына су жаңа көлік сыйға берілді