00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бокстан Қазақстан құрамасына жаңа капитан тағайындалды

17 қыркүйек, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Бокстан Қазақстан құрамасына жаңа капитан тағайындалды
Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов құраманың жаңа капитаны қалай сайланғанын айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz

Айта кетелік, бүгін Қазақстан бокс федерациясының ресми парақшаларында Айбек Оралбайдың жаңа капитан болып сайланғаны хабарланды. Бұған дейін бұл міндетті Асланбек Шымбергенов атқарып келген. 

Команда өкілдерімен жиналыс өткіздік. Ұлттық құрама мүшелері түгел қатысты. Жаңа маусым алдындағы жоспарларымызды бөлісіп, жыл соңына дейінгі турнирлерді талқыладық.

Жиын соңында команда мүшелері жаңа капитанды сайлады. Жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы, Азия чемпионы Айбек Оралбай осы міндетті өзіне алды. Соңынан өзі де сөз алып, алдағы жарыстарда ел намысын абыроймен қорғауға уәде берді, - деді Қайрат Сәтжанов. 

Қазақстандық боксшылар алдағы уақытта Азия чемпионатында бақ сынайды. Оған дейін Шымкенттегі халықаралық турнирге қатысу жоспарланған.