«Отбасының шырқын кетірмесе, бәрі реттеледі»: Қарақат Әбілдина өмірі туралы айтты

«Отбасының шырқын кетірмесе, бәрі реттеледі»: Қарақат Әбілдина өмірі туралы айтты
Фото: Instagram/karakat_a

«Әйгерім Сейфолланың сырласуы» бағдарламасында «Әйелдің бағы не, соры не?» деген сауалға әнші Қарақат Әбілдина жауап берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Бақыт жайлы ойлама, Бақытты бол жай ғана, Ең бақытты жанды көр қарағанда айнаға», -  деп жүрміз ғой. Денің сау ма, сен бақыттысың. Күнделікті ішетін қара нан, қара шай,  басында баспана бар ма, сен бақыттысың. Бақытты әркім әртүрлі жағдайда түсінетін шығар. Мен үшін бақыт деген барыңды бағалау ғой. Дүниеде өзінен төменге, дінде өзінен жоғарыға қарап, өмір сүретін болса, сол адам шын бақытты сезінеді. Бұл яғни дүниеде өзіңнен төменге дегенде, сол кезде қазір қолында барына шүкіршілік етесің, ал дінде сенен жоғарыға яғни  мысалға, сенің көлігің бар, оның көлігі жоқ, ал көлігі бар адамның көлікке отыратын  денсаулығы жоқ. Бір сөзбен айтқанда,  барлығы салыстырмалы түрде ғой. Барға қанағат етейік. Қазір жоқ па, онда алдағы уақытта болады», - деді өнер иесі.

Әнші бақыт деген жүректің тыныштығы екенін айтты.

«Отбасылық өмірде ажыраспай, баланы жетім қалдырмай, отбасының шырқын кетірмей, дүниеде сабырлы, төзімді, мейірімді, қайырымды бола білген кезде және  міндетті түрде алда жақсылықтың болатынына сенген кезде және сол жақсылықтың болуына өз тарапыңнан  көп үлес қосқан кезде, жақсы ой ойлаған кезде Алла тағала барлығын реттейді. Бақыт – жүректің тыныштығы. Бақыт –  Жаратқан Алламен байланыс. Сол байланысты орнатып алған кезде сен ішіндегі мұңынды, сырыңды, өтінішіңді, тілегіңді Алладан сұрағанда  Алла тағала сені міндетті түрде құстай ұшырады», - деп жауап берді Қарақат Әбілдина.