Құтқарушылар ұсынымдары: автожолдарда қар құрсауында қалған жолаушылар қалай әрекет етуі керек
Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің қар құрсауында қалған жағдайда жасалуы қажет іс-әрекеттер нұсқаулығын ұсынады.
Қысқы кезеңде елдімекендер арасындағы автомобиль жолдарына шықпастан бұрын алдағы қозғалыс бағдары бойынша ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеген жөн.
Егер қандай да бір елдімекенге бару керек болған жағдайда уақытында және қажет елдімекенге жете алатындай теміржол көлігімен барған дұрыс.
Төменде келтірілген қарапайым ұсынымдарды орындасаңыз, боран болған кезде және бораннан кейін аман қалуға көп көмегін тигізеді.
Қыста жолға шығар алдында:
1. Ауа райы болжамын мұқият зерделеңіз;
2. Қозғалыс үшін қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін анықтаңыз. Ақпаратты «Қазавтожол» ҰК» АҚ сайтында толығымен жабық учаскелердің картасынан көруге болады, 1403 телефон нөмірі немесе «112» телефон нөмірі арқылы нақтылауға болады.
«112» қызметінен ресми дауылды ескерту алған жағдайда елді мекендерден және жолға шығудан бас тартқан жөн.
3. Жолға шығуға алдын ала дайындалған жөн:
Көлікті шұғыл жағдайларда қажет болатын қосымша өте керек жүкпен жасақтау: отын қорына арналған канистр (кемінде 20 л) және құюға арналған құйғысымен бірге; тент немесе кемінде 4*3м өлшеміндегі автомобильге арналған қамтама; қарапайым құрал-сайман (күрек); сүйрейтін арқан; шай құйылған термос пен азық-түлік қоры; сіріңке, шам, құрғақ отын; газ отыны мен дәнеркерлеу лампасы; қолшам мен оның батарейкасының қоры; GPS-навигатор, пауэрбанк; жылы киім жиынтығы; ұйықтайтын қап немесе жүн көрпе, плед;
Көліктің міндетті түрде қосалқы дөңгелегі, домкрат, баллонға арналған кілт, жөндеу жиынтығы, сорғы, аккумулятор қуаттайтын кабель, авариялық тоқтайтын белгі, өртсөндіргіш пен дәрі қобдишасы болуы тиіс.
Ең бастысы автомобиль техникалық жарамды жағдайда болуы тиіс.
Егер жолға шыққаннан кейін қолайсыз ауа райы болған кезде (боран, бұрқасын және т.б.), көріну нашарлағанда:
1. Алдыңғы және артқы тұманға қарсы шамдарды, сондай-ақ авариялық оттарды қосу керек.
2. Алдында немесе бүйір жағында кедергі болғанда қауіпсіз тоқтау үшін жылдамдықты біртіндеп азайтқан жөн.
3. Егер көпжолақты жол болса оң жақтағы жолаққа шығыңыз, бұл қар тазалайтын техниканың өтуіне мүмкіндік береді. Бұл жерде басып озу маневрлерін жасамау қажет, ара қашықтықты сақтаған дұрыс.
4. Соқпақ жолмен жүрген кезде машинаның төменгі берілісінде аздаған айналыс күшімен, жолдан шықпай жүру керек.
5. Бұрқасын, боран көріну шектеулі болған кезде елдімекеннен алыс белгісіз жерде қар астында немесе тұрып қалуыңыз мүмкін болғандықтан, кез келген автожолда қозғалысты жалғастыру қауіпті.
Мүмкіндігінше жанармай құю станциясы, жол бойындағы дәмхана, дөңгелек жөндеу пункті, кемпинг, ұзаққа жүретін көліктер тұрағы, автотұрақ және т.б. болуы мүмкін жақын маңдағы қауіпсіз орынға жетіп алған дұрыс.
Тіке жол бойына тоқтамаған жөн.
6. Егер қозғалу мүмкін болмаған жағдайда және көмексіз шыға алмайтын болсаңыз, үрейге берілмей, бірден 112, 102 шұғыл қызметтерінің телефон нөмірлеріне қоңырау шалыңыз. Навигатордың көмегімен координаттарыңызды анықтаңыз. Өзіңіз координатаңызды, айналадағы отын қоры және т.б. болып жатқан ақпаратты беріңіз. Көмекке міндетті түрде келеді.
Мемлекеттік органдар автомобильдерді лектік ілесіп жүруге шешім қабылдаған жағдайда:
- жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз;
- ілесіп жүретін мемлекеттік орган белгілеген жылдамдық режимін сақтаңыз;
- өткізу пунктінен шыққан автомобильдің артынан қатаң лекте қозғалыңыз;
- кез келген шешім қабылдап не тоқтай алатындай, алдында келе жатқан автомобильдің арасындағы қашықтықты сақтаңыз;
- алдыңғы автомобильдерді басып озуға болмайды;
- айналаңыздағы мән-жайды бақылаңыз.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл толуымен ведомствоның қызметкерлері мен ардагерлерін «Роскосмос» ғарышкерлері Жер орбитасынан – Халықаралық ғарыш станциясының бортынан құттықтағанын жаздық.