Денсаулық сақтау министрлігі ресурстарды басқарудың электрондық жүйесін енгізіп жатыр

Денсаулық сақтау министрлігі ресурстарды басқарудың электрондық жүйесін енгізіп жатыр
Фото: freepik.com

Денсаулық сақтау жүйесінде медициналық ұйымдарды, кадрларды, жабдықтар мен медициналық техниканы онлайн режимде есепке алуға мүмкіндік беретін ресурстарды басқарудың жаңғыртылған жүйесін енгізу басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Жүйенің негізгі міндеті - деректерді қолмен енгізуді азайту арқылы жоспарлау дәлдігін арттыру және адам факторының әсерін азайту.
Жаңа жүйе ресурстарға қажеттілікті бес жылға дейінгі мерзімге болжауға және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялана отырып, медициналық ұйымдардың активтерін есепке алуды жүргізуге мүмкіндік береді.
Ағымдағы кезеңде жоба пилоттық режимде іске асырылуда. Оған еліміздің барлық 20 өңірі бойынша 672 медициналық ұйым қатысады. Пилоттың қорытындысы бойынша ТБЖ жүйесін одан әрі масштабтау жоспарлануда.