Астанада бадминтоннан халықаралық турнир басталды

17 желтоқсан, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада бадминтоннан халықаралық турнир басталды
Фото: olympic.kz

Бүгін Астанада бадминтоннан ірі халықаралық турнир өз жалауын көтерді, деп хабарлады Elordainfo.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарысқа әлемнің 43 елінен келген спортшылар қатысып жатыр.

Жүлделер жекелей, жұптық және аралас разрядтарда сарапқа салынады.

Турнир Beeline Arena спорт кешенінде өтуде.

Бұған дейін әлемнің ең мықты бадминтоншылары елордада бақ сынайтынын жазған болатынбыз.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы сапында Олимпиада ойындарының қатысушысы Дмитрий Панарин өнер көрсетіп жатыр.