Астанада әлемнің ең мықты бадминтоншылары бақ сынайды

Бүгін, 14:33
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада әлемнің ең мықты бадминтоншылары бақ сынайды
Қазақстан бадминтон федерациясы

17-21 желтоқсан аралығында Астанадағы Beeline Арена спорт кешенінде бадминтоннан халықаралық Astana International Challenge 2025 турнирі өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

BWF ресми күнтізбесіне енгізілген жарысқа әлемнің 40-тан астам елінен мықты спортшылар қатысады.

Турнир олимпиадалық циклге дайындықтағы маңызды кезең болып есептеледі және спортшыларға рейтингтік ұпай береді.

Іс-шараны Қазақстан бадминтон федерациясы ұйымдастырады.

Жанкүйерлер әлемдік деңгейдегі тартысты матчтарды тамашалап, үздік спортшылардың өнерін көруге мүмкіндік алады.

Астанада өтетін Astana International Challenge 2025 турнирі биылғы маусымдағы ең маңызды бадминтон додаларының бірі болмақ.

BWF International Challenge Series аясындағы жарысқа АҚШ, Канада, Аустралия, Жаңа Зеландия, Жапония сондай-ақ Еуропа мен Азия елдерін қоса алғанда, 40-дан астам мемлекеттен спортшылар қатысады.

Турнир спортшыларға жоғары рейтингтік ұпай жинап, алдағы халықаралық чемпионаттарға дайындалуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, турнирдің жоғары деңгейде өтуіне Бадминтонның дүниежүзілік федерациясы (BWF), Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі және Астана қаласының әкімдігі қолдау көрсетеді.

Бұған дейін шахматшы Меруерт Камалиденова Испаниядағы ірі турнирдің күміс жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.