Қазақстанда Тәуелсіздік күні 725 сәби дүниеге келді
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні еліміздің медициналық ұйымдарында 725 сәби, оның ішінде 7 егіз дүниеге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл күні жаңа туған нәрестелердің арасында ұлдар мен қыздардың саны шамалас болды – 362 және 363.
Тәуелсіздік күнінде балалардың дүниеге келуі – ел үшін де, қуанышын атап өтетін отбасылар үшін де ерекше оқиға.
«Перзентханалардың медицина қызметкерлері мереке күні аналар мен жаңа туған нәрестелерге сапалы және уақтылы көмек көрсетіп, жауапкершілік пен біліктіліктің жоғары деңгейін көрсетті.
Ата-аналарды отбасыларындағы толығуларымен құттықтаймыз және жаңа туған нәрестелерге мықты денсаулық, бақытты балалық шақ және тәуелсіз Қазақстанда жарқын болашақ тілейміз», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Тәуелсіздік жылдары халық саны қалай өзгергенін жазған болатынбыз.