Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет, норма шығару және заң көмегін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Бұған дейін Президент энергетика саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азаматты марапаттаған болатын.